ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 170 мыңға жуықтады

Қарағанды маңында 40-қа жуық жолаушысы бар автобус аударылды

65 жастағы әйел түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді

Фото: видеодан кадр

Қарағанды қаласының маңында ішінде 40-қа жуық жолаушы отырған автобус аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

Аймақтық Полиция департаментінің дерегінше, жол-көлік оқиғасы 28 қараша күні түскі сағат 12:15-те Қарағанды – Есенгелді автожолының бойында, Новодолинск ауылына жетіп қалған тұста болған. 

«Алдын ала болжам бойынша Mercedes Benz көлігінің 29 жастағы тұрғыны Шахтинск қаласына келе жатып 29 жастағы жүргізуші тізгіндеген №121 бағыттағы «Санос» автобусына соғылған», - делінген ПД хабарламасында. 

Жол-көлік апаты салдарынан автобус жолдың бір қапталына аударылып кеткен. Белгілі болғандай, 65 жастағы жолаушы әйел түрлі дене жарақатымен Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.