$ 511.92  588.91  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.11.2020, 11:59
Оқиғалар

Қызылордада 15 жасөспірім полицияға жеткізілді

26 қарашадан бастап қалада жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр

Қызылордада 15 жасөспірім полицияға жеткізілді

Қызылордада полицияның стационарлық бекеттеріне 15 жасөспірім жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция қызметкерлері 26 қарашадан бастап «Ата-ана – Жасөспірім – Көше» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

«Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, суық қаруды тасымалдау, бопсалау сияқты қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелерінде жүру деректерін анықтау, бала тәрбиесімен айналыспайтын ата-аналарды анықтау бойынша жұмыстарды барынша жандандыру», - делінген ПД хабарламасында.

Іс-шараның бір күнінде «Самара» стационарлық полиция бекеттеріне кәмелетке толмаған 15 бала жеткізілді, олардың екеуі ұрлық жасағаны, қалған 13-і әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін ұсталды.

ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша 10 кәмелетке толмаған анықталып, олардың заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

«ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігі (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша екі жасөспірім анықталып, оларға қатысты әкімшілік шара қолданылды. Үш жасөспірім профилактикалық есепке қойылды», - делінген хабарламада.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының басшылығы ересектерге Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 140-бабына сәйкес кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін тағы да еске салады.
 

Серіктес жаңалықтары