ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1430 адамнан коронавирус анықталды

ШҚО-да жас жігіттерден құралған қылмыстық топ ұсталды

Олар есірткі саудасымен айналысқан

Фото: ШҚО полиция департаменті

Шығыс Қазақстан облысы орталығында аса ірі мөлшерде психотропты заттарды құпия орындарда сақтап, оны өткізумен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Қылмыстық топтың құрамына 19 бен 26 жас аралығындағы 6 ер адамның кіргені анықталды.

«Фигуранттарды ұстағанға дейін олардың жасырып үлгерген құпия орындарынан полицейлер синтетикалық есірткі заттары бар түйіншектерді тәркіледі. Мамандардың жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, полиэтилен пакеттерде шамамен 3 500 бір реттік дозадағы синтетикалық психотроптық зат болған», - деді ШҚО Полиция департаменті бастығы Сағат Мадиев.

Жедел уәкілдер заңсыз айналымнан 1 келіден астам есірткіні тәркіледі. Тәркіленген есірткі заттардың «қара» нарықтағы құны шамамен 35 млн теңгені құрайды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.