$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.11.2020, 19:11
Оқиғалар

Ақтөбеде қыз бен жігіт 25 қабатты үйдің балконынан секіріп өлген

Қазір өз-өзіне қол жұмсау себебін анықтау бойынша тексеру жүргізіліп жатыр

Ақтөбеде қыз бен жігіт 25 қабатты үйдің балконынан секіріп өлген
Көрнекі фото: pixabay.com

21 қараша күні қала тұрғындарының бірі Ақтөбе қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығына қоңырау шалып, хабарсыз кеткен кәмелетке толмаған қызға қатысты хабарлаған.  

Оның айтуынша, 22 қараша күні таңғы сағат 07:00-де 11-шағынаудандағы №112 «В» үйінің ауласынан екі жас адамның мәйіті табылған. Тексеру кезінде (екі адамның денесін –ред.) жоғалған 17 жастағы қыз және оның 18 жастағы досы екені анықталды. Атап айтқанда, қыз бен жігіт 25 қабатты үйде орналасқан кіреберістің балконынан секірген.

Полиция қызметкерлері қаза болғандардың жеке заттарын тәркіледі. Өзіне-өзі қол жұмсау себебін анықтау бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша тіркелді.

«Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсауға қатысты ең жиі кездесетін себеп – махаббат мәселесі, құрдастарымен немесе ата-анасымен болатын жанжал, болашақ үшін қорқыныш және жалғыздық сезімі», - деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Серіктес жаңалықтары