23.11.2020, 18:47
Оқиғалар
Шығысқазақстандық дәрігерлер жұмыс орнында наразылық білдірді
Олар аурухананың бас дәрігерімен жұмыс істеуден бас тартып отыр
Үржар аудандық орталық ауруханасының бір топ қызметкері әлеуметтік желіде бас дәрігер Баубек Әбілқасымовтың қызметтен кетуін талап етіп, үндеу жолдады. Үндеу жолдаған аурухана мамандары бас дәрігермен жұмыс істеуден үзілді-кесілді бас тартатынын айтады.
Наразы топтың айтуынша, басшылары ақ халаттыларға тиесілі үстемақыны төлемеген. Дөрекілігін айтпағанда, бас дәрігер өзіне бағынышты мамандарды Алакөл демалыс аймағында мәжбүрлеп жұмыс істеткен көрінеді.
Алайда, Баубек Әбілқасымов (бас дәрігер – ред.) бұл айыптармен келіспейді. Қазір бұл дауға байланысты облыстық Денсаулық басқармасы қызметтік тексеріс жүргізуді бастаған.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті