$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.11.2019, 16:40
Оқиғалар

Тараздағы зорлық: мектеп директоры, орынбасары, физика мұғалімі мен вахтер қызметінен босатылды

Тараз мектептерінің бірінде болған оқиғаға байланысты Білім және ғылым министрінің көмекшісі Ерболат Мұхамеджан пікір білдірді

Тараздағы зорлық: мектеп директоры, орынбасары, физика мұғалімі мен вахтер қызметінен босатылды
Бұл кадр КТК телеарнасындағы сюжеттен алынды

Кеше Тараз қаласында мектеп маңындағы әжетханалардың бірінде оқушы қызды зорлаған ер адам видеоға түсіп, екі сағат өтпестен азғындық жасаған адам ұсталды. Оқушы қыз оны бірден таныған. Қазіргі таңда аталған факт бойынша құқық қорғау органдары тергеу іс-шараларын жүргізуде.

«Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету білім беру ұйымының тікелей міндеті. Мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, физика пәні мұғалімі және вахтер білім беру саласындағы жергілікті уәкілетті органның шешімі бойынша қызметтерінен босатылды», - дейді министр кеңесшісі.

Сондай-ақ БҒМ жауабында Жамбыл облысының білім басқармасы зардап шеккен оқушыға психологиялық көмек көрсету үшін қажетті шаралар қабылдап, үйде жеке оқытуын ұйымдастыруда.

«Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау шеңберінде Бас прокуратура мемлекеттік органдармен бірлесіп қолданыстағы заңнамаға әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату бөлігінде өзгерістер әзірлеп, енгізгенін хабарлаймыз», - делінген.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Тараз қаласындағы мектеп әжетханасында 12 жастағы оқушы қызды үлкен сыныптың оқушылары зорлады деген ақпарат тарады. Оқушы қызды зорлаған күдікті анықталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. 38 жастағы күдікті бұрын ұрлық жасады деп сотталған екен.

Серіктес жаңалықтары