21.11.2020, 15:53
Оқиғалар
Алматы облысында 9 адам қар құрсауынан құтқарылды
Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж емес
Фото: баспасөз қызметінен
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» тас жолында құтқару жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Достық бекетіндегі №20 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Ырғайты» мен «Жалаңашкөл» учаскелері арасында үш адамды қар құрсауынан құтқарды. Сол күні кешке қарай 112 телефонына «Ырғайты» учаскесінің маңында адамдарды эвакуациялау қажеттігі туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына Ақши ауылынан Алакөл өңірінің құтқарушылары барды. Олар 6 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарды», - делінген ТЖД таратқан ақпаратта.
Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж емес.
Көп оқылған
06.07.2026, 12:45
Ертіс жағасында жоғалып кеткен бойжеткен дронның көмегімен табылды
06.07.2026, 14:15
Көлсайда 16 жастағы қызды жылан шағып алды
06.07.2026, 06:26
Норвегия сенсация жасап, Бразилияны әлем чемпионатынан шығарды
06.07.2026, 10:31
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады
06.07.2026, 07:27
Қазақстанда 6 шілдеде аптап ыстық сақталады
06.07.2026, 08:10
Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады