21.11.2020, 14:48
Оқиғалар
Астанада дәмханада газ баллоны жарылып, 1 адам қаза тапты
19 адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр
Фото: баспасөз қызметінен
Елордада дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
«Нұр-Сұлтан қаласында дәмхана ретінде жабдықталған коттеджде газ баллоны жарылды. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жеткен кезде үйдің ішінде бір қыз бен 15 газ баллоны бар екені анықталған. Жарылыс салдарынан ас бөлмесінің төбесі опырылып түскен. Алдын ала деректерге сәйкес, қыз үйінді астында қалып қойып, оқиға орнында қаза тапқан», - деп жазылған хабарламада.
Жедел-медициналық көмек бригадасы 19 адамды қарап жатыр. Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының 34 құтқарушысы және 10 бірлік техника жұмылдырылды.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды