$ 523.86  544.34  5.11
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.11.2020, 13:26
Оқиғалар

Ақтөбе облысының тұрғынынан алаяқтық жолмен 1,2 млн теңге алған күдікті ұсталды

Ол әйелдің баласын қала университеттерінің біріне «грантқа» түсіруге көмектесетінін айтқан

Ақтөбе облысының тұрғынынан алаяқтық жолмен 1,2 млн теңге алған күдікті ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысының полициясы 43 жастағы әйелден алаяқтық жолмен баласын қала университеттерінің біріне «грантқа» түсуге көмектесем деген сылтаумен 1 млн 200 мың теңге алған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 41 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді», - делінген ақпаратта.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға және алаяқтардың арбауына түспеуге шақырады.

Серіктес жаңалықтары