21.11.2020, 11:52
Оқиғалар
Қостанай облысының тұрғыны есірткі жарнамалағаны үшін 6 жылға сотталуы мүмкін
22 жастағы жігіт үйлердің қабырғаларына интернет-сайттардың сілтемелерін жазған
Фото: ашық дереккөзден
Рудный қаласының полицейлері есірткіні жарнамалаған жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«22 жастағы жергілікті тұрғын үйлердің қабырғаларына интернет-сайттардың сілтемелерін жазған. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 299-бабында көзделген «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелді», - делінген ведомство хабарламасында.
Аталған баптың санкциясы 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Көп оқылған
31.10.2026, 07:28
Қазақстанда 31 қазанда күн райы қандай болады?
31.10.2026, 08:26
«Өлген көгершіндерді лақтырады»: Алматыда тұрғындар қоқысты үйіне таситын қарт көршісінен әбден мезі болған
31.10.2026, 06:16
Семейде облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін өртеп, көз жұмды
31.10.2026, 10:43
Алматыда тұрғын үй қабырғасына жазу жазған бойжеткен ұсталды (ВИДЕО)
31.10.2026, 21:24
Семейде ер адам өзін-өзі өртеп жіберген: іске қатысты тың деректер шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды