$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.11.2020, 00:58
Оқиғалар

Қазақстанның 2 ірі қаласы мен 6 облысы бір мезетте жарықсыз қалды

Сағат 17:18-де Л-5394 электр желісі қалыпты жұмыс істей бастады

Қазақстанның 2 ірі қаласы мен 6 облысы бір мезетте жарықсыз қалды
Фото: ашық дереккөзден

20 қараша күні Қазақстанның 2 ірі қаласы мен 6 облыс аймағы жарықсыз қалды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«20 қарашада сағат 16:47-де ВЛ-500 кВ Л-5300, Л-5320 ОҚМАЭС-Ағадыр және Л-5394 Ақтоғай-Семей электр желілері ажырап қалған. Сонымен қатар жүктемені шектеудің арнайы автоматикасының іске қосылуы салдарынан ВЛ-220 кВ БТҚ(Басты төмендету қосалқы стансасы) - Қызылорда Л-2019 желісі ажыратылып, еліміздің оңтүстік аймағы Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінен тыс қалған. Соның салдарынан Жамбыл, Алматы, ШҚО, Түркістан, Қарағанды, Қызылорда облыстарының және Алматы мен Шымкент қаласының тұрғындары жарықсыз қалды», - делінген хабарламада.

Сағат 17:02-де Л-5300 желісі, ал 17:11-де Л-5320 желісі іске қосылып, оңтүстік аймаққа электр энергиясын шектеу алынып тасталды. Сағат 17:18-де Л-5394 электр желісі қалыпты жұмыс істей бастады.

Серіктес жаңалықтары