$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.11.2019, 03:55
Оқиғалар

Алматы облысында кісі өлтіріп қашып кеткен күдікті қолға түсті

Қыркүйек айының басында Абай ауылының іргесіндегі Ақсай өзенінің жағасынан пышақ жарақатынан көз жұмған ер адамның денесі табылған болатын

Алматы облысында кісі өлтіріп қашып кеткен күдікті қолға түсті

Алматы облысының тәртіп сақшылары екі ай бұрын Алматы маңында болған кісі өліміне қатысты қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы облыстық Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Кісі өлтіру дерегі Қарасай ауданында орын алған еді. Қыркүйек айының басында Абай ауылының іргесіндегі Ақсай өзенінің жағасынан пышақ жарақатынан көз жұмған ер адамның денесі табылған болатын. Кейін анықталғандай, қайтыс болған азамат Түркістан облысының 35 жастағы тумасы болып шықты, ол жергілікті базарлардың бірінде түрлі жұмысқа жалданып, нәпақа тауып жүрген екен.   

«Жедел іздестіру шаралары барысында қылмысқа Жамбыл облысының 33 жастағы тұрғынының қатысы бары анықталды. Оны кеше Қарасай аудандық полиция қызметкерлері Жаңатас қаласында ұстап, Қаскелең қаласына алып келді. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын, қазір күдікті ер адам уақытша қамауға алынды», – делінген Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Күдіктінің қару ретінде қолданған асүй пышағы оқиға орнынан табылған және заттай айғақ ретінде тергеу материалдарында тіркелген.  

«Кісі өлтіру қылмысының тұрмыстық жанжал негізінде орын алғаны анықталды. Күдікті де, жәбірленуші де уақытша тапсырыстармен әр түрлі жалдамалы жұмыс атқарып жүрген. Күдікті бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған», – делінген ведомство хабарламасында. 

Серіктес жаңалықтары