$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.11.2019, 13:23
Оқиғалар

19 жастағы қыз түнгі клубта билеп жүріп босанып қалды

19 жастағы жүкті қызды клубқа құрбылары алып келген екен

19 жастағы қыз түнгі клубта билеп жүріп босанып қалды

Францияның Тулуза қаласының тұрғыны түнгі клубта билеп жүріп босанып қалды, деп жазады КТК арнасы.

Оқиға 11 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 5:30-да орын алған. 

«Клуб жабылайын деп жатқан. Аз адам жүрген еді. Қызметкерлердің бірі жүгіріп келіп, шұғыл көмек керек екенін айтты. Сол кезде келушілердің бірі босанғалы жатқанын көрдім», – дейді түнгі клубтың басшысы. 

Мұнан кейін клуб қызметкері жедел жәрдем шақырған. Өз кезегінде кезекші оператор қалай босандыру керегін түсіндіріпті. 

«Бұл біртүрлі жағдай болды. Командамыз жабылып жұмыс істеді. Соңында жылап жібердік. Абырой болғанда, ешқайсымыз қорқып, абдырап қалмадық. Оны босандыру қолымыздан келді», – дейді клуб менеджері. 

Оның сөзінше, 19 жастағы жүкті қызды клубқа құрбылары алып келген екен. Олар құрбысының көңіл көтергенін қалаған.

«Ол ішімдік ішкен жоқ», – дейді клуб басшысы.

Түнгі клуб өкілдері жаңа туған нәрестенің болашақта клубқа еркін кіре алатынын айтады. 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#нәресте