$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.11.2020, 10:44
Оқиғалар

СҚО-да ерекше қорғалатын табиғи аумақта аң аулаған браконьерлер ұсталды

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр

СҚО-да ерекше қорғалатын табиғи аумақта аң аулаған браконьерлер ұсталды

Солтүстік Қазақстан обысында ерекше қорғалатын табиғи аумақта аңшылық жасаған браконьерлер ұсталды. Кезекті рейд барысында Айыртау ауданының табиғатты қорғау полицейлері мен «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорықшылары бес күдіктіні қылмыс үстінде қолға түсірді.

Полицейлерге орманда атылған оқтың дыбысы шыққаны жайлы Галицыно ауылының тұрғынынан хабарлама түскен. Тәртіп сақшылары мен қорықшылар ақпаратты тексеру үшін жолға шығады. Ерекше қорғалатын табиғи аймақта Lada Granta және «ВАЗ 21114» көліктері тоқтатылды. Көліктің бірінде төрт жігіт болған. Екінші көліктің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетіп, кейін ұсталған. Тінту кезінде осы көліктен атып алынған үш сібір елігі, 12 калибрлі ТОЗ-34 қос ұңғылы мылтық және кастетке ұқсас зат табылған. Екінші қару іздестіріліп жатыр. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 3-бөлігі (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Келтірілген шығын мөлшері анықталып жатыр. Күдіктілерге қатысты міндетті келу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Көліктер арнайы автотұраққа қойылды.

«Заңсыз аң аулау фактісі «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталды. «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» Айыртау филиалының қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасау тұрақты түрде жүзеге асырылады. Бұл жұмыс жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде экологиялық қылмыстардың алдын алу және ашу үшін күшейтілді» - деді Айыртау ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Марат Серкешев.

Жалпы, іс-шара басталғалы СҚО-да табиғи ресурстарды браконьерлік жолмен алуға қатысты 9 жағдай, оның ішінде заңсыз аң аулау фактілері бойынша 4 қылмыстық іс тіркелген.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары