$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.11.2020, 10:40
Оқиғалар

Өскеменде темекі тұқылы үйді өртеп, бір адам қайтыс болды

Ол мас күйде болған

Өскеменде темекі тұқылы үйді өртеп, бір адам қайтыс болды

5 қарашада Өскемендегі Ахмер кентіндегі Коммунальная көшесінде орналасқан жеке екіпәтерлі үйде өрт шығып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Қонақ бөлмеде тұтанған от жиһаздарды, тұрмыстық техника мен үй иесінің жеке заттарын шарпыған. Өрт сөндірушілер 15 шаршы метр аумақтың жанғанын, өрттің диван бетіндегі көрпеге түскен темекі тұқылынан пайда болғанын анықтады.

«Өртті барлау барысында диванның жанында, еденде 1985 жылы туған пәтер иесінің күйіп кеткен денесі табылды. Өрттің себебі – сөнбей қалған темекі тұқылының диванның жұмсақ бөліктері мен киімнің үстіне түсуі болған. Қаза болған адамнын әпкесінің айтуынша, ер адам мас болған», - делінген аталған хабарламада.

ШҚО ТЖД жергілікті тұрғындарға өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауды, темекіні үй ішінде тартпауды ескертеді.

Серіктес жаңалықтары