СҚО-да карантинге жабылған ауылға есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды

Енді ол сот алдында жауап береді

СҚО-да карантинге жабылған ауылға есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны марихуана салынған пакетпен блок-бекеттермен қоршалған Кирово ауылына барған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Петропавл.news-ке сілтеме жасай отырып.

50 жастағы көлік жүргізушісі Кирово ауылының санитарлық бекетінде тоқтатылды.

«Ер адам Кирово ауылына қонаққа барғанын түсіндірді. Пакетте ол жабайы қарасора тасымалдаған. Сот-химиялық сараптама нәтижесі көрсеткендей, пакеттің ішіндегісі шынымен де, 680 грамм кептірілген марихуана болып шықты»,-делінген Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігі «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Олар ер адамды ұстай алмады, бірақ одан шақыру қағазына келу міндеттемесі туралы қолхат алынды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.