03.11.2020, 14:48
Оқиғалар
Петропавлда жеңіл көлік шұңқырға түсіп кетті
Жүргізушінің көлігін не себепті тастап кетіп қалғаны әзірге белгісіз
Петропавлда Мағжан Жұмабаев және Сәбит Мұқанов көшелерінің қиылысында құбыр жөндеу мақсатында қазылған шұңқырға жеңіл автокөлік түсіп кетті. Жүргізуші темір тұлпарын оқиға орнында қалдырып, өзі кетіп қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Петропавл қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері 30 жастағы жүргізушіні анықтады. Жол-көлік оқиғасы бойынша материал жинақталуда. Мамандар көліктің шұңқырға түсіп кетуінің себебі анықталып жатқанын жеткізді. Жүргізушінің де көлігін не себепті тастап кетіп қалғаны әзірге белгісіз.
Эльмира Мәмбетқызы, СҚО
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты