Анасын соққыға жыққан елордалық тұрғын 10 тәулікке қамалды

Күдікті мас күйінде ұсталды
 

Анасын соққыға жыққан елордалық тұрғын 10 тәулікке қамалды
Фото: ашық дереккөзден

54 жастағы анасын ұрып-соққан елордалық тұрғын ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Участок» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында «Байқоңыр» ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторына әкімшілік учаскені аралау кезінде 54 жастағы әйел ұлының оны ұрып-соққанын айтып, шағымданған. 

«Аталған факт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижелеріне сәйкес, ҚР ӘҚБК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ауданаралық әкімшілік сот судьясының қаулысымен 31 жастағы ер адамға 10 тәулікке қамау жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, құқық бұзушының мінез-құлқына 1 жыл мерзімге ерекше талап қойылды»,- делінген хабарламада.

Іс-шара басталғалы бері учаскелік инспекторлар 223 мыңнан астам пәтер мен 27 мыңнан астам жеке үйді аралап шықты. ІІО есебінде тұрған 13 277 адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Сонымен қатар, жалға берілетін 2800-ден астам пәтер анықталды.

«21 245 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 270-тен астам заңбұзушылық ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы «Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер» бойынша анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «ұсақ бұзақылық» бойынша 366 заңбұзушылық, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы «қоғамдық орында масаң күйде болу» бойынша 3 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды»,- делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.