03.11.2020, 10:33
Оқиғалар
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 91-ге жетті
200-ден астам адам ауруханада жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Түркияның Измир қаласында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 91-ге жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұған дейін табиғат апатынан 85 адам мерт болғанын хабарлаған едік.
Елдің төтенше жағдай және табиғат апаттар агенттігінің хабарлауынша, аймақта құтқару-іздестіру операциясы әлі де жалғасып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, жұма күні Эгей теңізінде қуаты 7 балл болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Соның салдарынан Измирде 20-ға жуық көпқабатты үй қирап қалды.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)