02.11.2020, 15:26
Оқиғалар
Нұр-Сұлтанда қыз зорламақ болған ер адам ұсталды
Күдікті Байқоңыр ауданының полициясына жеткізілді
Нұр-Сұлтанда қыз зорламақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 30 қазан күні кешкі уақытта Нұр-Сұлтанда болған. Байқоңыр ауданы аумағындағы күзетшілерге бір әйел келіп, белгісіз ер адамның 1995 жылы туған қызын зорламақ болғанын айтты. Қыз қорыққанынан айқайлаған кезде ер адам үйлердің арасымен қашып кеткен.
«Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен бірге полиция қызметкері 20 минут ішінде күдіктіні ұстады. Б. есімді азамат Ақмола облысының 1972 жылы туған тумасы болып шықты», - деп хабарлады Ұлттық ұланнан.
Жәбірленуші күдіктіні таныды. Ұсталған ер адам Байқоңыр ауданының полициясына жеткізілді.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды