02.11.2020, 15:03
Оқиғалар
Қарағанды облысында көмір тиелген 8 вагон рельстен шығып кетті
Зардап шеккендер жоқ
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
2 қараша күні сағат 06:00-де Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Ботақара станциясы теміржол аралығының 27 шақырымындағы кірме жолдарында көмір тиелген 8 вагонның доңғалақ жұбы жолдан шығып кетіп, екеуі аударылып қалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Оқиға салдарынан 150 метр теміржол төсеміне зақым келген. Оқиға пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта «Разрез «Кузнецкий» ЖШС қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды