$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.11.2020, 14:51
Оқиғалар

Алматы облысында сүндет той жасап, көкпар берген азамат ұсталды

Той иесі – Қарасай ауданы Долан ауылының 38 жастағы тұрғыны

Алматы облысында сүндет той жасап, көкпар берген азамат ұсталды
Скриншот: видео

1 қарашада куәгерлер Алматы облысының тұрғынының сүндет той жасап, көкпар беріп жатқаны туралы облыстық полицияға хабарлаған. Жол қозғалысына кедергі келтіріп, Алматы – Жандосов автожолының бойында көкпар тартқандардың әрекетіне полиция араласып, оларды тарқатқан. Ал шараны ұйымдастырушы тұрғын полиция бөліміне жеткізілген.

Той иесі – Қарасай ауданы Долан ауылының 38 жастағы тұрғыны.

«1 қарашада Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Алматы – Жандосов автожолында көкпар беріп жатқандар туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барған полицейлер Долан кентінің 38 жастағы тұрғынының бес жасар ұлын сүндетке отырғызуына орай көкпар бергенін анықтады», - делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламада.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша, ереже бұзушыға қатысты материал толтырылып, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қарауына жіберілген. Көкпар ұйымдастырушы азамат көпшілік алдында кешірім сұраған.

Серіктес жаңалықтары