$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.11.2020, 16:46
Оқиғалар

«Қараңғыда жарқырап тұрады»: Әйел дүкеннен алған ерекше тауық етін көрсетті

Келіншек желідегі достарынан оның қандай құбылыс екенін, егер білетіндер болса, түсіндіріп беруін өтінеді

«Қараңғыда жарқырап тұрады»: Әйел дүкеннен алған ерекше тауық етін көрсетті
© Fotolia / EBelikov

Украинаның батыс аумағындағы Ивано-Франковск қаласының тұрғыны қараңғыда жылтырай жанып тұратын тауық етін сатып алыпты. Ол бұл жаңалығын Facebook  желісіндегі парақшасында бөліскен.

Елена Заславсканың айтуынша, ол борщ пісіру үшін «Сильпо» дүкеніне арнайы барып, тауық тушасын сатып алған көрінеді.

«Еттің бір кесегін мысығыма беріп едім, ол жемеді. Түнде тұрып қарасам, ет сәуле шашып, жарқырап тұр екен!», - деп жазған украиндық келіншек желідегі достарынан оның нендей құбылыс екенін, егер білетіндер болса, түсіндіріп беруін өтінеді. 

Ол сондай-ақ, саусағына жағылып қалған тауық майының да қараңғыда жылтырап тұрғанын айтады. Келіншек ол еттен борщ әзірлеп үлгергенін, бірақ еттің ерекше екеніне қарамастан, тамағының дәмді болғанын айтады.

Алайда тұрғынның осы жайтты түсіндіріп беруі туралы өтінішін «Сильпо» дүкендер желісінің баспасөз қызметі жауапсыз қалдырыпты.

Серіктес жаңалықтары