$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.11.2020, 10:54
Оқиғалар

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 43 адамға жетті

30 қазан күні Измир провинциясында 6,6 балдық жер сілкінісі болды

 
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 43 адамға жетті
Фото: РИА Новости

Түркияның төтенше жағдайлар және табиғи апаттар жөніндегі агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 43 адамға жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.  

Бұған дейін 42 адамның қаза тапқаны жарияланған болатын. 

«Соңғы мәліметтер бойынша 43 адам қаза тапты. 896 адам зардап шекті... Измирде құтқарушылар жермен-жексен болған 9 ғимараттың үйіндісін аршып жатыр», - делінген хабарламада. 

Еске салсақ, 6,6 балдық жер сілкінісі 30 қазан күні жергілікті уақытпен 14.51-де, Измир провинциясы Сеферхисар ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында тіркелген еді. Жер дүмпуі 15 секундқа созылып, Түркияның батысындағы көптеген провинцияда сезілген.

Жер сілкінісінен кейін теңіз деңгейі көтеріліп, бірнеше көшені су басқан. Измирде жиырмаға жуық тұрғын үйдің қирағаны хабарланды.

Жер сілкінісі сондай-ақ Грекияға қарасты Самос аралында да болған. Бұл аралда екі адам қаза тауып, 20 шақты адам түрлі жарақат алған.

Серіктес жаңалықтары