$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.11.2020, 10:23
Оқиғалар

Түркістан облысында өз туысының үйін тонаған азамат ұсталды

Күдікті жәбірленушінің үйінде болмайтынын алдын ала біліп отырған

 
Түркістан облысында өз туысының үйін тонаған азамат ұсталды

Сайрамдық полицейлер өз туысының үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан арыз келіп түседі. Жәбірленуші азамат арызында түнгі уақытта белгісіз біреулердің үйіне кіріп, жертөлесінде сақталған құрылысқа қажетті құрал-жабдықтарын заңсыз алып кеткенін айтқан. Келтірілген шығын көлемі 100 000 теңгеден асады.

Бұл іс ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. Оқиға болған жерге учаскелік полиция қызметкерлері істің қалай болғанын анықтау мақсатында жедел жетті. Полицейлер жан-жақты мұқият тексеріп, көршілерден сұрастырып, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшыларының жедел іздестіру, анықтау жұмыстарының нәтижесінде, күдікті тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Полицейлер одан айғақты зат ретінде дәнекерлеу құрылғысы, ағаш кесетін аппарат пен бұрғылау құралдарын алды.

«Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында анықталғаны, ұсталған азамат жәбірленушінің туыс інісі болып шықты. Күдікті жәбірленушінің үйінде болмайтынын алдын ала біліп отырған. Күдікті жас жігіт арам ойын жүзеге асырып, құрылыс құралдарын сатып жібермек болған. Алайда, полицейлердің жедел іздестіру жұмыстарының арқасында ойы жүзеге аспады. Бүгінгі таңда күдікті азамат қолхатпен босатылды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары