ШұғылЖелтоқсан-қаңтар айларында Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

БҚО-да басқарма басшысы жемқорлық күдігімен ұсталды – БАҚ

Болатбек Каюпов 2020 жылдың 12 наурызында БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды

Фото: zakon.kz

29 қазанда Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Болатбек Каюповтың 7 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды. Аймақтың бас дәрігері уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Mgorod.kz порталының хабарлауынша, Каюповқа қатысты қауесет көптен бері айтылып келеді екен. Алайда тиісті органдар редакцияның сауалына «Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығына қатысты сотқа дейінгі ешқандай тергеу жүргізіліп жатқан жоқ» деп жауап берген.

«Қадағалаушы орган коронавирусқа қарсы күреске бағытталған қаражатты бөлуге қатысты басқармада жоспарлы тексеру жүргізіп жатыр. Оның Болатбек Каюповқа қатысы жоқ», - деп жауап берген.

Ведомствоның баспасөз қызметі басқарма басшысына қатысты ештеңе білмейтінін, алайда, қазір Болатбек Каюповтың жұмыс орнында жоқ екенін айтқан.

БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқарма басшысына қатысты ақпаратқа түсініктеме берген жоқ. Дегенмен, ресми ақпарат прокуратурамен келісілгеннен кейін берілетінін айтқан.

Еске сала кетейік, Болатбек Каюпов 2020 жылдың 12 наурызында БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.