29.10.2020, 03:47
Оқиғалар
БҚО-да ер адамның мәйіті табылды
Оны өлтірді деген күдікпен бір адам ұсталды
Фото: ашық дереккөзден
Оралда ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Үйлердің бірінің жертөлесінен зорлық белгілерімен 36 жастағы тұрғынның денесі табылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 33 жастағы ер адамды ұстады», - деп жазылған хабарламада.
Күдікті Орал қалалық Полиция басқармасының уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
