ШұғылЖелтоқсан-қаңтар айларында Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

Петропавлда дәрігерлерге ашуланған тұрғын қалтасынан граната алып шыққан

Оны ұстау үшін арнайы операция жасалды

Фото: ашық дереккөзден

Петропавлдағы қалалық емханалардың бірінде медициналық тексерістен өтуге келген жергілікті тұрғын кезекті бұзғандардың әрекетіне ашуланып, қалтасынан граната алып шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтемет жасап.

Бұзақыны ұстау үшін құзырлы мамандар арнайы операция жасады. 

Елді дүрліктірген адам қан тапсыруға кезек күтіп тұрғанда, ашуға булыққан. Айқай-шу шығарып, қалтасынан гранатаны алып шықты. Мұны көргендердің барлығы дүрбелеңге түсті. Бұзақыны ұстау операциясына ОМОН сарбаздары мен саперлар қатысты.

«Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жарғыш техника мамандарының алдын ала жүргізген сараптамасына сәйкес ф1 гранатасында тұтандырғыш болған жоқ. Бұл оның жарылу қаупінің төндірмейтінін көрсетеді», - деді СҚО Полиция департаменті тілдерді дамыту бөлімінің маманы Сән Жұмағазина.

Шу көтерген 58 жастағы Ауғаныстан соғысының ардагері, әрі жүгіруден параолимпиада ойындарының қатысушысы екенін анықталған.