$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.10.2020, 08:47
Оқиғалар

Ресейде «Спутник V» вакцинасын салдырған адамдар коронавируспен ауырған

Тамызда Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 вирусына қарсы әлемдегі алғашқы «Спутник V» вакцинасын тіркеген болатын

Ресейде «Спутник V» вакцинасын салдырған адамдар коронавируспен ауырған
Фото: ашық дереккөзден

Ресейлік «Спутник V» вакцинасының сынағынан өткен кейбір ерікті коронавируспен ауырған. Бұл туралы Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург айтты, деп хабарлады radiosputnik.ria.ru агенттігі. 

Гинцбургтің айтуынша, еріктілерге плацебо берілуі мүмкін, бұл туралы қараша айында белгілі болады.

Зерттеуге қатысатын еріктілердің жартысы вакцинаның бірінші компонентін алды, тоғыз мыңға жуығы екінші рет вакцинацияланған.

Айта кетейік, тамызда Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 вирусына қарсы дүние жүзіндегі алғашқы «Спутник V» вакцинасын тіркеген болатын. Оны Гамалея атындағы Эпидемилогия мен микробиология ғылыми-зерттеу орталығы және Ресейдің тікелей инвестициялар қоры бірлесіп жасады. 

Серіктес жаңалықтары