$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.10.2020, 10:11
Оқиғалар

Шымкентте алкоголь өнімдерін дайындайтын жасырын цех анықталды

Дайындалған алкоголь өнімдерінің қаладағы азық-түлік дүкендеріне өткізілетіндігі анықталды

Шымкентте алкоголь өнімдерін дайындайтын жасырын цех анықталды
Фото: ашық дереккөзден

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде көрінеу жалған есепке алу-бақылау маркалары жабыстырылған алкоголь өнімдерін дайындаумен айналысатын жасырын цехтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Тексеру барысында көрінеу жалған есепке алу-бақылау маркалары жабыстырылған 18 түрлі алкоголь өнімдерінің 6671 бөтелкесі, 15 тонна спирт, 67 есепке алу-бақылау маркалары, сұйықтықтарды араластыратын сорғы, алкоголь өнімдеріне арналған 146 бос қорап және 750 бос бөтелке, 500-ден астам қақпақшалар және 40 625 теңге ақша қаражаты анықталып, тәркіленіп алынған», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Дайындалған алкоголь өнімдерінің әрі қарай Шымкент қаласының азық-түлік дүкендеріне өткізілетіндігі анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 233-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды (көрінеу жалған есепке алу-бақылау маркаларын қолдану және өткізу).

Қазіргі уақытта, қылмыстық іс шеңберінде осы іске қатысы бар барлық тұлғалар анықталды, тиісті сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары