28.10.2020, 10:49
Оқиғалар
Өткен түні Қазақстанға 11 жолаушы ПТР-анықтамасыз ұшып келді
11 жолаушының бәрі – Қазақстан азаматтары
Фото: ашық дереккөзден
28 қазанға қараған түні Қазақстанға шет елдерден 7 халықаралық рейспен 652 жолаушы ұшып келген. Қала әуежайларына қонған 641 жолаушыда тиісті анықтама болса, 11 Қазақстан азаматында ол болмаған. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов хабарлады.
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына 3 рейспен 233 жолаушы келген (225 жолаушыда анықтама болса, 8-інде жоқ).
- Алматы қаласының әуежайына 2 рейспен 326 жолаушы келген (бәрінде ПТР-анықтамасы бар).
- Ақтау қаласының әуежайына 2 рейспен 93 жолаушы келген (90 жолаушыда анықтама болса, 3-інде жоқ).
Тиісті анықтамасыз келген жолаушылардың бәрі ПТР-тест тапсыру үшін Нұр-Сұлтан және Ақтау қалаларындағы карантиндік стационарларға жеткізілген.
Жолаушылар халықаралық рейспен Түркия, БАӘ, Беларусь және әжікстан елдерінен келген.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды