Талдықорған полицейлері тапаншадан оқ атқан бұзақыны ұстады
Басына оқ тиген 21 жастағы жергілікті тұрғын ауруханаға жеткізілген
Талдықорғанда бұзақыдан пневматикалық тапанша тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорған қаласы ПБ Шығыс ҚПБ кезекші бөліміне бассейн ауданында төбелес шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жеткен полиция жасағы жастар арасында төбелес болғанын анықтады.
Басына оқ тиген 21 жастағы жергілікті тұрғын ауруханаға жеткізілген.
Аталған дерек ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша тіркелді.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде оқ атқан күдіктіні бір сағат ішінде анықтап, ұстады. Талдықорған қаласының 18 жастағы тұрғынынан тәртіп сақшылары пневматикалық тапанша тәркіледі. Ол кінәсін толық мойындады. Ұсталған адам оқты бұзақылық ниетпен атқанын және оған қатты өкінетінін жеткізді. Облыстық ауруханада дәрігерлер жәбірленушінің басынан төрт оқ алған.
Сот-медициналық және басқа да қажетті сараптамалар тағайындалды.