ШұғылCOVID-19: Өткен тәулікте 804 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Байқоңырда полицейлер контрафактілік сағаттарды тәркіледі

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды

Қызылордалық полицейлер контрафактілік сағаттарды тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қазанда Байқоңыр қаласында полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізу барысында сауда орталықтарының бірінде контрафактілік сағаттарды сатқан жергілікті тұрғынды анықтады.

«Жедел уәкілдер бұл азаматтан лицензиялық келісімшартсыз сатып тұрған, «ROLEX», «DANIEL WELLINGTON», «RADO», «Calvin Klein», «HUBLOT», «TISSOT», «APPLE», «BURBERRY» және «LONGINES» маркалы ерлердің қол сағаттарын тәркіледі.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 198-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы (Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Мән-жайлар анықталуда.