Қарағанды облысында он күн бұрын жоғалып кеткен қыз табылды
Жас қыз үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған
Қарағанды облысының полицейлері он күн бұрын жоғалған қызды іздеп тауып, ата-анасына қайтарды, деп хабарлайды Polisia.kz.
19 қазан күні Қарағанды қаласының полицейлеріне қала тұрғыны хабарласып, 11 қазанда 17 жаcтағы қызының жоғалып кеткені туралы арызданған.
«Жас қыз үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Алғашында жоғалған қызды ата-анасы өздері іздеп, ешқандай нәтиже болмағандықтан полицияға хабарласқан», - делінген ақпаратта.
Жоғалған қызды іздеу жұмыстарына Қарағанды облысы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.
Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 21 қазан күні із-түзсіз жоғалған оқушы Шет ауданына қарасты ауылдардың бірінен табылды. Кәмелетке толмаған қыз бала үйіне қайтарылды.