21.10.2020, 18:01
Оқиғалар
Атыраулық кәсіпкер қаңырап қалған тойхананы тігін цехына айналдырды
Қазір цехта 25 адам жұмыс істейді
Фото: Атырау облысы ӨКҚ
Атыраулық кәсіпкер қаңырап қалған мейрамхананы тігін шеберханасына айналдырған. Қазір кеңейтілген тігін цехында 25 адам жұмыс істейді.
Он саусағынан өнер тамған атыраулық Мейрамгүл Иманғалиева 2016 жылы кәсібін ашқан. Ұлттық үлгідегі қыз жасауы мен киім-кешек және түрлі бұйымдарға тапсырыс артқандықтан, ол биыл тігін цехын кеңейтуге мәжбүр болған.
«Тапсырыс көбейіп, қызметкерлер саны артқан соң, шағын цехқа сыймай қалдық. Сосын наурыз айынан бастап Атырау қаласының іргесіндегі Көкарна ауылында бос тұрған «Ажар» тойханасын жалға алып, жұмысымызды жандандырдық», - дейді кәсіпкер.
Кәсіпкер тігіншілерді тегін түскі аспен қамтып отыр. Сондай-ақ қызметкерлері 150 мың теңгеге дейін жалақы алады.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
