$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.10.2020, 11:39
Оқиғалар

Мұғалімнің басын кесіп алған: Париж полициясы төрт адамды тұтқындады

Франция президенті Эммануэль Макрон бұл қылмысты теракт деп атады

 

Мұғалімнің басын кесіп алған: Париж полициясы төрт адамды тұтқындады
Фото: РИА Новости

Францияда мұғалімді өлтіру дерегін тергеу барысында төрт адам қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  РИА Новостиге сілтеме жасай отырып. 

Ұсталғандардың біреуі – кәмелет жасына толмаған жасөспірім. Тұтқынға алынғандардың бәрі мұғалімді өлтірген қылмыскердің жақын таныстары болған. 

Айта кетсек, 16 қазан, яғни жұма күні түстен кейін Париж маңындағы Конфлан-Сент-Онорин коммунасындағы оқу ғимараты жанында қаскөй мұғалімнің басын кесіп алған. Оқиға куәгерлері кісі өлтірушінің «Аллаху Акбар!» деп айғайлағанын естіген.

Күдіктіні көршілес Эраньи коммунасында қуып жеткен полицейлер одан қаруын жерге тастауды талап еткен. Алайда қарсылық танытқан күдіктіні полиция өкілдері атып өлтірген. Қазіргі таңда аталмыш кісі өлтіру дерегін тергеу ісіне прокуратураның терроризмге қарсы бөлімі де жұмылдырылған. 

«Қылмыскер қолынан өлген азамат тарих пәнінен сабақ беретін мұғалім болған. Ол оқушыларға сөз бостандығы сабағы кезінде Мұхамед пайғамбардың карикатурасын көрсеткен екен. Бұған дейін де ислам дініне қатысты жағымсыз пікірі үшін кейбір ата-аналар мұғалімнің үстінен шағым түсіргені белгілі болды», - делінген кейбір БАҚ хабарламасында.

BFMTV телеарнасы полицейлер қолынан қаза тапқан қаскөйдің Мәскеу тумасы екенін, оның 18 жаста болғанын хабарлады. Алайда бұл мәліметке қатысты ресейлік елшілік әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ. 

Оқиға болған коммунаға бірқатар министрді ерте келген Франция президенті Эммануэль Макрон бұл қылмысты теракт деп атады. 

 

Серіктес жаңалықтары