17.10.2020, 12:48
Оқиғалар
Қызылордалық полицейлер алаяқ әйелді ұстады
Ол танысының ақшасын алдап алып кеткен
Фото: ашық дереккөзден
Қызылордада танысын алдап, ақшасын қалтасына басқан алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
«14 қазан күні Қызылорда қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны арызданған. Ол танысының бұдан бір жыл бұрын банктен ірі мөлшерде несие алып беруге көмектесетінін айтып, 175 мың теңгесін алдап алып кеткенін айтқан», - делінген хабарламада.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысты жасағаны үшін Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғыны ұсталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Көп оқылған
21.08.2026, 11:56
Алматыда күйеу баласы мүмкіндігі шектеулі енесін зорлап кеткен
21.08.2026, 09:46
Жалған мәліметтер енгізген: Қазақстан азаматы 290 млн теңге салық төлемес үшін Ресейге қашып кеткен
21.08.2026, 12:12
Қарағандыда 50-ден асқан ер адам әйелдердің киімін киіп, эфирде бейәдеп әрекеттер жасаған (ВИДЕО)
21.08.2026, 15:38
Жамбыл облысында ер адам жүкті әйелін зиратқа апарып, мойнына пышақ тақап қорқытқан
21.08.2026, 14:33
Мүгедек енесін зорлаған: Алматыда күдікті ер адамның қамауға алынған видеосы жариялады
22.08.2026, 00:16
Атырау әуежайында никаб киген алты әйел жауапкершілікке тартылды