Ақмола облысында мәдениет басқармасының бұрынғы бастығы 7 жылға сотталды
Оған ірі көлемде пара алды деген айып тағылды

Ақмола облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бұрынғы бастығы Рустам Бикенев жеті жылға сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.
«13 қазанда Көкшетау қалалық сотының үкімімен мыналар сотталды: «Ақмола облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Р.Т. Бикенев жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілсін; облыстық «Халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы» МКҚК директорының міндетін атқарушы И.Г. Акимова 3 161 000 теңге көлемінде айыппұл төлесін», - делінген хабарламада.
Рустам Бикенев жекеменшік компания директорынан мемлекет шеңберінде жүзеге асырылған Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі мен М.Ғабдуллин мұражайын қайта экспозициялау үшін жасалған мемлекеттік сатып алу келісімшарттары бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қою үшін бұрын келісілген 15 млн теңгенің 5,7 млн-ын параның қалған бөлігі ретінде алды деп күдіктенді.
Ол сондай-ақ «Рухани жағыру» бағдарламасының, сондай-ақ Шучинско-Бурабай курорттық аймағының аумағында «Бурабай-Толқындары» фестивалінің әртістерін орналастыру үшін шығындарды негізсіз есептеу арқылы Акимованың қатысуымен жалпы сомасы 300 мың теңге қаражат жымқырған деп күдіктелуде.