17.10.2020, 02:51
Оқиғалар
Қарағандыда автосервисте тұрған 4 көлік өртеніп кетті
Зардап шеккендер жоқ
Фото: баспасөз қызметінен
Қарағандыда автосервис орталығынан өрт шығып, 4 автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өрт орнына құтқарушылар 5 минутта жетті. Өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері келген сәтте шаруашылық құрылыстарында автосервис ретінде бейімделген гараж жанып жатты. Өрт екі қабатты тұрғын үйге көшкен. Гаражда 4 өртенген автокөлік табылды. Оқиға орнында 42 адам, ТЖД 6 өрт сөндіру автоцистернасы жұмыс істеді», - деп жазылған хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)