17.10.2020, 04:29
Оқиғалар
Павлодарда қайық аударылып, балықшы суға батып кетті
Құтқарушылар оны әлі іздестіріп жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Павлодарда қайық аударылып, балықшы суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Ертісте қайық аударылып, екі балықшы суға кетіпті. Біреуі өз күшімен өзен жағасына шығып үлгеріпті. Ал, екінші балықшыны құтқарушылар әлі күнге іздестіріп жатыр.
«Қазіргі уақытта жедел құтқару жасағы балықшыны іздестіріп жатыр. Жасақ құрамында 4 құтқарушы және 4 сүңгуір бар. Іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылды. Әзірге балықшының қайығы ғана табылды», - деді Павлодар облыстық ТЖД басқарма басшысы Зейнет Мұрзабаев.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты