$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.10.2020, 14:54
Оқиғалар

Алматыда Kaspi Bank бөлімшесі тоналды: қанша ақша ұрланды?

Банк тонаушылар әлі ұсталған жоқ

Алматыда Kaspi Bank бөлімшесі тоналды: қанша ақша ұрланды?
Скриншот: YouTube

Алматыда Kaspi Bank бөлімшесін тонағандардың видеосы жарияланды. Банк тонау оқиғасы 15 қазан сағат 19:00 шамасында Сейфуллин даңғылы бойындағы ғимаратта болған. Бұл ғимаратта Kaspi Bank бөлімшесі орналасқан.

«15 қазанда Алматыда қаруланған екі қарақшы Kaspi.kz филиалына шабуыл жасады. Жұмыс уақыты аяқталған кезде болған оқиға кезінде бөлімшеде клиенттер болмаған. Белгісіз адамдар қарумен қорқытып, алдын ала мәлімет бойынша 2 миллион теңгені алып кеткен. Қуанышымызға орай, қызметкерлердің ешқайсы зардап шеккен жоқ. Көп ұзамай оқиға орнына полиция өкілдері келді. Kaspi.kz қауіпсіздік қызметі құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық орнатқан. Қылмыскерлер табылып, заң бойынша жазасын алады», - деді банктің баспасөз қызметі.

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі банк тонауға қатысты пікір білдіріп, бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгенін айтты.

«Қылмысты ашуға және күдіктілерді қамауға алу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды», - делінген қалалық ПД жауабында.

Серіктес жаңалықтары