$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.10.2020, 15:36
Оқиғалар

«Той жасамаңыздар»: Жаңаарқадағы «асаба-полицей» мен той иесі кешірім сұрады

Олар айыппұл төлеуге дайын

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында полиция формасын заңсыз киіп той жүргізген асаба жайлы видео әлеуметтік желілерде тарады. Полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтап, «асаба-полицейді» әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатқанын айтып, той иесіне қатысты шешім қабылдау үшін жиналған материал Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілгенін хабарлады.

Облыстық Полиция департаментінің ресми мәлімдемесінен кейін той иесі мен полиция формасын киіп той жүргізген асаба Ішкі істер органдарынан, Қазақстан халқынан кешірім сұрады.  

«Мен кешегі той иесі Жұмабай Бекежановтың ұлымын. Карантин уақытында заңсыз той жасағанымыз үшін барша Қазақ елінен кешірім сұраймыз және сіздерден де жасамауды (той – ред.) сұраймыз. Айыппұл төлеуге дайынбыз», - деді той иесінің ұлы.

«Асаба-полицей» де әрекеті үшін өкініш білдіріп, айыппұл төлеуге әзір екенін айтты.

«Полиция қызметкерлерінің қызметін, жеке басын мазақ қылу ойымда болған жоқ. Тойға жиналғандардың көңілін көтеру үшін ұйымдастырылған «пранк» барысында болған дүние. Барша полиция қызметкерлерінен кешірім сұраймын. Мен де айыппұл төлеуге дайынмын», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары