$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.10.2020, 13:54
Оқиғалар

Жаңаарқада той жүргізген «асаба-полицей» жауапқа тартылады – ІІМ

Той иесі де жауапқа тартылуы мүмкін

Жаңаарқада той жүргізген «асаба-полицей» жауапқа тартылады – ІІМ
Скриншот: YouTube

Қарағанды облысында болған шаралардың бірінде полиция формасын заңсыз киіп той жүргізген асабаның жеке басы анықталды. Жаңаарқа ауданында болған шарада түсірілген видео әлеуметтік желілерде тараған еді.

«Полиция қызметкерлері әзіл мен пародияға және орынды сынға әрдайым түсіністікпен қарайды. Алайда, осындай видеолар ішкі істер органы қызметкерлері мен санитарлық дәрігерлердің коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бағытында атқарып жатқан жұмысын жоққа шығарады. Полиция формасын киіп той жүргізген асаба сол қылығымен барлық полиция қызметкерінің беделін түсірді. Белгіленген ереже мен шектеу талаптарын сақтау қажет. Отбасылық мерекені кейінге қалдыруға немесе өзгелердің денсаулығын қауіпке тікпеу үшін аз адамның қатысуымен жасауға болады», - деді Қарағанды облысының ПД баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков.

«Асаба-полицейді» ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабына (айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери киім нысанын, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру (пайдалану) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Той иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабына (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) сәйкес жиналған материал шешім қабылдау үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілген.

Серіктес жаңалықтары