13.10.2020, 04:36
Оқиғалар
Павлодарда сауда үйі өртеніп кетті
Өрттің шыққаны кеш байқалған
Фото: ашық дереккөзден
Павлодарда ірі сауда үйлерінің бірі өртенді. Өртті сөндіруге 17 техника мен 80-ге тарта өрт сөндіруші жұмылдырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Өрт 4 қабатты сауда үйінің 1 және 2-қабатын шарпып үлгерген. Барлығы 1,5 мыңға жуық шаршы мерт жер отқа оранды. Өрттен қайтыс болғандар жоқ. Мамандар осы уақытта өрттің шығу себебін анықтап, материалдық шығын көлемін есептеп жатыр.
«Өрт кеш байқалған. Ішінде орналасқан қатты жанатын құралдар өрттің жылдам таралуына әсер етті. Соның кесірінен ең бірінші келген күш құралдар қосымша техникалармен жұмылдырып, тек ғана таңғы 4 сағат 55 минутта ғана өрт сөндірілді», - дейді Павлодар облыстық ТЖД бастығы Ернұр Өтегенов.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді