$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.10.2020, 12:14
Оқиғалар

Қарағандыда синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан шетел азаматы ұсталды

Тәркіленген есірткі құны 76 миллион теңгеден асады

Қарағандыда синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан шетел азаматы ұсталды
фото: polisia.kz

Қарағанды қаласында синтетикалық есірткі өнімдерін өндірумен айналысқан шетел азаматы ұсталды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдіктіден тәркіленген есірткі құны 76 млн теңгеден асады.

«Жедел шаралар барысында «скорость» деген атпен белгілі синтетикалық есірткі өндірісімен айналысқан Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматы анықталды. Ол полиция назарына ілікпеу үшін тұрақты тұрып жатқан жері Алматы қаласынан Қарағандыға қоныс аударып, алыста орналасқан үйлердің бірін жалдаған. Қажетті жабдықты жергілікті дүкендерден сатып алып, химиялық заттарға интернет арқылы тапсырыс беріп отырған. Ол есірткінің ірі партиясын делдалсыз сатуды жоспарлаған», - деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің төрағасы Бақытжан Қайырбекұлы. 

Тексеру барысында күдікті азаматтан сатуға әзірленген 750 грамм зат тәркіленген

«Есірткі өндірілген үй-жайды тінту барысында 7 литр сұйық зат, есірткі заттары салынған қалыптар, оларды өндіруге арналған жабдықтар: индукциялық плита, жылытқыштар, қалып, буып-түю материалдары, есірткі өндірісінде пайдаланылатын химикаттан қалған канистрлер алынды. Диллерлер 1 грамм «скорость» есірткісін 15 мың теңгеден сататынын ескеретін болсақ, шамамен 76 млн 250 мың теңгеден астам сомадағы есірткінің заңсыз айналымға түсуніе жол берілмеді», - деп атап өтті департамент төрағасы. 

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің түсіндіруі бойынша, «скорость» өндіру үшін өнеркәсіптің түрлі салаларында қолданылатын және тыйым салынбаған химиялық заттар пайдаланылады. Бірақ бұған қарамастан, қазір, мысалы, героин сияқты есірткілерді өндіру үшін пайдаланылатын прекурсорлармен қатар, олардың айналымына мемлекеттік бақылауды белгілейтін Үкімет қаулысының жобасы пысықталуда.

Сондай-ақ, ведомствода синтетикалық есірткі өндірісі денсаулыққа өте қауіпті каустикалық иіспен қатар жүретінін атап өтті. Бұдан басқа, синтез жоғары температурада өтетінін ескеретін болсақ, өрт шығу мен  жарылыс болудың нақты қаупі бар.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары