Оралда 85 жастағы кейуана мен оның мүгедек ұлын өлтіргендер сотталды
Андрей Тюклин 23 жылға, Михаил Зимнухов 21 жылға бас бостандығынан айырылды
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 85 жастағы кейуана мен оның мүгедек ұлын өлтіргендерге үкім шықты.
«28 жастағы Андрей Тюклин 23 жылға, 27 жастағы Михаил Зимнухов 21 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ ұрлық жасағаны үшін 29 жастағы Әсет Қибашев 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетсек, Оралда жеке үйден екі адамның мүрдесі табылған болатын. 1935 жылғы Матрена Кулакова мен оның 1959 жылғы ұлы, сал ауруына шалдыққан Константин Кулаковты қылмыскерлер аяусыз өлтіріп кеткен. Іздестіру жұмыстары нәтижесінде, күдіктілер ұсталды.