$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2020, 11:22
Оқиғалар

Бішкектегі тәртіпсіздік салдарынан екі күн ішінде 758 адам зардап шекті

7 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Бішкектегі тәртіпсіздік салдарынан екі күн ішінде 758 адам зардап шекті
Фото: bbc.com

Екі күн ішінде Бішкектегі тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен жалпы саны 768 адам медициналық мекемелерге жүгінген. Бұл туралы Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап kabar.kg хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, әртүрлі деңгейде жарақат алған 218 адам ауруханаға жатқызылды, оның 7-уі жансақтау бөлімінде. 2001 жылы туған бір ер адам қайтыс болды. Сондай-ақ зардап шеккен 550 адам амбулаториялық емделуге жіберілген.

«Қазіргі кезде денсаулық сақтау мекемелерінде тиісті медициналық көмек көрсетілуде, дәрігерлік кеңестер және дәрімен қамтамасыз ету ұйымдастырылған», - деп мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Қырғызстанда парламент сайлауының нәтижесімен келіспегендер 5 қазанда Бішкек орталығында митинг өткізіп, кейінірек наразы топ парламент ғимаратын, Ақ үй, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына басып кірді. Сондай-ақ бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты абақтыдан босатып алған. Наразы топ астаналық әкімдік ғимаратын да басып алған.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли көршілес Қырғызстанда болып жатқан жағдайға пікір білдірді

Серіктес жаңалықтары