Қырғызстанда болған митингте зардап шеккен мыңға тарта адам дәрігер көмегіне жүгінді
5 науқас жансақтау бөлімінде жатыр
Қырғызстанда болған митинг салдарынан зардап шеккен 911 адам дәрігер көмегіне жүгінді. 19 жастағы жігіт ауыр дене жарақатынан қайтыс болса, тағы 5 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қырғызстанның Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
705 адам амбулаториялық ем қабылдауға жолдама алса, 205-і түрлі деңгейдегі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған.
Бішкектегі травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу 452 адам түскен, осы тізімдегі 82 науқас ауруханаға жатқызылды. Дәл осы емдеу мекемесінің жансақтау бөліміне бір адам жатқызылды.
Қырғызстан Ұлттық госпиталіне 269 адам түскен, оның 85-і ауруханаға жатқызылған, қалғанына алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, дәрігерлер нұсқауы бойынша емді үйлерінде жалғастырмақ. 4 сырқат жансақтау бөлімінде жатыр.
Бішкек қалалық №1 клиникалық емханаға 58 адам келген. 48 адам амбулаторлық ем алуға жолдама алды. 10 адам ауруханада дәрігерлер қарауында болады.
Тағы 112 адам Шу облыстық ауруханасынан жәрдем сұраған. Оның 100-і амбулаторлық ем қабылдайды. Қалғаны ауруханаға жатқызылды.
Ұлттық хирургия орталығы 20 адамды қабылдады. Оның 4-і амбулаториялық әдіспен емделсе, қалғаны ауруханада жататын болады.
«Барлық емделушілерге тиісті медициналық жәрдем беріліп жатыр. Жауапты мамандардың кеңесі берілуде, зардап шеккендер дәрілермен қамтамасыз етілді», - делінген Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі баспаөз қызметі таратқан хабарламада.