07.10.2020, 02:32
Оқиғалар
Түркістан облысында түрмеге әкелген манты ішінен ұялы телефон шықты
Жазасын өтеушінің жақындары телефонмен қоса, телефон чипін де жібермек болған
Түркістан облысының тұрғыны түрмедегі туысына манты ішіне ұялы телефон салып кіргізбек болған. Бұл туралы облыстағы ИЧ 167/9 мекемесінің басшылығы мәлімдеді, деп жазады otyrar.kz.
Мекеме өкілдерінің мәлімдеуінше, сотталушының жақындары телефонмен қоса, телефон чипін де жібермек болған. Бұл осыдан бір ай бұрынғы жағдай.
«Ал күні кеше тағы бір сотталушының туысы сәлем-сауқат ішіне тыйым салынған зат салып жібергені анықталды. Белгілі болғандай, сәлем-сауқатпен жеткізілген 3 литрлік «Кока-кола» сусынынан спирттік ішімдік анықталған. Сондай-ақ спорттық аяқ киім ішіне 20 мың теңге салып жіберген екен. Енді олардың әрекеті заңмен жазалануы мүмкін», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
08.01.2026, 12:52
Алматыда нағашы атасынан мұраға пәтер алған бойжеткенді туған анасы сотқа беріп, дау шығарған
08.01.2026, 16:34
Отарда борышын өтеп жүрген сарбаз өз саусағын өзі кесіп тасқан
08.01.2026, 13:27
«Мәйіттері қорадан табылған»: Жангелдідегі көршілер ерлі-зайыптыны жер қойнына тапсырды
09.01.2026, 10:12
Зейнетақы шотындағы «артық ақшасын» алатын азаматтар үшін жақсы жаңалық пайда болды
08.01.2026, 12:58
«Рэкетир»-дің жұлдызы: актер Мұрат Бисенбин көз жұмды