05.10.2020, 14:17
Оқиғалар
Ақтауға қоқиқаздың алғашқы тобы ұшып келді
Олар ауа райы суытқан соң оңтүстікке қарай ұшуы мүмкін
Қазір құстар шаһар маңындағы Қаракөл аумағына аялдаған. Мамандардың айтуынша, Ақтауға қоқиқаздар Ақмола облысындағы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағындағы Теңіз және Қорғалжын көлдерінен ұшып келген. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ауа райы суытқан соң оңтүстікке, яғни Хазар қорығына немесе одан да ары, Иран жаққа өтіп кетеді.
Қаракөл аумағы – «Қызыл кітапқа» енген қанаттылар тұрақтайтын мекен. Сондықтан да бұл жер табиғат қорғау инспекторларының жіті бақылауында. Айта кетейік, қызғылт түстес, ірі денелі құстар негізінен, тропикалық елдерде ұя салады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы